Ресей ғалымдары антибиотиктің табиғи баламасын тапты
<p style="text-align: justify;">Тюмень мемлекеттік университетінің ғалымдары патогендердің препараттарға төзімділігін жеңетін әмбебап табиғи антибиотик тапты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a> Зерттеу мәтіні Applied Biochemistry and Microbiology журналында жарияланған. </p>
Авторлар табылған зат бактериялар мен саңырауқұлақтар тудыратын адам мен жануарлардың көптеген жұқпалы ауруларымен тиімді күресуге көмектесетінін айтады.
Мақалада фармакологияның міндеттерінің бірі нарықта қолжетімді антибиотиктерге бірнеше (multi-drug resistant, MDR) немесе абсолютті (extreme-drug resistant, XDR) төзімділігі бар микроорганизмдермен күресуге қабілетті табиғи антибиотик екені жазылған.
Зерттеушілер алкалофильді мицеллиалды саңырауқұлақтан бөлінетін эмерициллипсин А пептидінің ерекше қасиеті барын анықтады. Сарапшылардың пікірінше, зат бактерияларда биофильмдердің пайда болу қабілетін тежейді, сондықтан бұл қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділігі жоғалады.