Аймақтар
1 мин оқу 725

Төрт жасар «полицей»

<p style="text-align: justify;">Индер ауданында тұратын төрт жасар Санжар Сәрсенбайдың арманы &ndash; полицей болу. Қазір &laquo;Айналайын&raquo; ба&shy;&shy;лабақшасына барып жүр. Осын&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;&shy;дағы &laquo;Мен өскенде кім бо&shy;ламын?&raquo; жо&shy;&shy;&shy;&shy;ба&shy;сына қа&shy;ты&shy;сады. Ж&shy;а&shy;қын&shy;&shy;&shy;да аудан&shy;дық поли&shy;&shy;&shy;ция бөліміне арнайы киіммен ке&shy;ліп, бо&shy;лашақ ма&shy;ман&shy;дығының қыр-сырына қанық&shy;ты.</p>

Төрт жасар «полицей»

– Мен өскенде полиция қызметкері боламын. Өйт­кені полицейлер тәртібі нашар адамдарды ұстап алып, біздің тыныштығымызды кү­зетеді. Бәріне көмектеседі. Сон­дықтан полиция бөлімінде жұмыс істейтін ағалармен та­нысқым, оларды көргім келді, – дейді кішкентай «полицей» Санжар.

Оның отбасында 3 ұл, 1 қыз бар. Әкесінің жеке кәсібі бар. Ал анасы – дәрігер. Полиция бөліміне ертіп келген ағасының айтуынша, Санжар – уәдесінде тұратын қайсар бала. Тәртіп сақшысы болуға құл­шынысы да зор.

Полиция бөлімінің қыз­меткерлері Санжарды қуана қарсы алды. Олар полиция қызметкерлерінің жұмысы, бұл мамандықтың қиындығы мен қауіпті сәттері туралы әңгімелеп берді. Көшедегі жол белгілерімен, қоғамдық тәр­тіпті сақтау мақсатында жүк­телген міндеттермен таныс­тырды.

Атырау облысы

Бөлісу:
Төрт жасар «полицей» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар