Оқиға
1 мин оқу 590

Тамақ өнімдерінен ГМО анықталды

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан келген &laquo;Джин Рамен&raquo; тез дайындалатын кеспесінің 3 үлгісінде және &laquo;Butter Соокіеѕ Danish Pride&raquo; түрік печеньесінің бір сынамасында зерттеу барысында ГМО мөлшерінің артқанын анықтады.</p>

Тамақ өнімдерінен ГМО анықталды

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 89 тамақ өнімдерінің сына­масын сатып алды. Сарап­тама үшін сатып алын­ған барлық үлгілер Алматы қаласындағы Ұлт­тық сараптама орта­лы­ғының зертханасына жет­кі­зілді.

Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі ген­­дік түрлендірілген соя­ның құрамы 1,4%-дан 10,25%-ға дейін, печенье­де 47,75%-дан асады. Бұл ретте өндірушілердің таң­ба­ларында көрсетілген өнім­дердегі ген­дік түр­лен­ді­ріл­ген ингре­диент­тердің құрамы туралы ақпарат жоқ. Тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы «Тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011 ж.) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес 0,9%-дан аспайтынын атап өткен жөн.

Өнімді өткізушілер «Барыс-4» және «Ақбұлақ» көтер­ме сауда базарларында оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алды. Аталған фактілер бойынша Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақы­лау де­пар­та­менті сауда желі­сін­дегі сәйкес емес өнім­ді анықтау және оны сату­дан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

– Өздеріңіз білетіндей, ГМО қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін, балалар мен жасөспірімдерде өсу­дің тежелуін, сондай-ақ ал­лергиялық аурулардың пай­да болу қаупін арт­тырады. Сондай-ақ сапа­сыз өнім анықталған жағ­дайда қа­зақ­стан­­дықтар Тауар­лар мен қыз­меттердің сапа­сы мен қауіп­­сіздігін бақы­лау аумақ­тық депар­та­менттеріне жү­гіне алатынын хабарлаймыз, – дейді мамандар.

Бөлісу:
Тамақ өнімдерінен ГМО анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар