Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 32 млн-ға жуықтады
<p style="text-align: justify;">24 қыркүйекте <a href="https://coronavirus.jhu.edu/map.html">Johns Hopkins University</a> (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 31 779 533, өлім саны - 975 100, айыққандар саны - 21 890 409 адам болды, - деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>

Университеттің мәліметінше, 24 тамыз күні таңертең әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 31 779 533-ке жетті, оның ішінде 975 100 адам қайтыс болған. Ал 21 890 409 адам ауруды жеңіп шыққан.
АҚШ-та 6 933 248 жағдай тіркелді, 2 231 757 адам сауығып шықты, 201 880 адам қайтыс болды.
Бразилияда 4 591 364 жағдай тіркелді, 4 046 827 адам сауығып шықты, 138 105 адам қайтыс болды.
Үндістанда 5 646 010 жағдай тіркелді, 4 587 613 адам сауығып шықты, 90 020 адам қайтыс болды.
Ресейде 1 117 487 жағдай тіркелді, 920 602 адам сауығып шықты, 19 720 адам қайтыс болды.
Қазақстанда жалпы ел бойынша ауырғандар саны 107 529. 102 323 адам айықты. 1 699 адам қайтыс болды.