Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Алмалы аудандық сотының мәліметінше, Ж.Ертаевтың барлық мүлкі тәркілененіп алынған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті", деп мәлімдеді сот өкілі.
Еске салайық, оған RBK Bank-тен 144 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. Бұған дейін Жомарт Ертаев өз кінәсін мойындаған еді.
Сондай-ақ осы іс бойынша мемлекеттік айыптаушылар RBK Bank-тің бұрынғы басқарма басшылары Игорь Мажинов пен Марпа Жакубаеваға, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге 8 жыл сұрап отыр.