"Үздік педагог" республикалық конкурсы басталды
<p style="text-align: justify;">"Үздік педагог" атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Биыл "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады.
9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн", деп жазды вице-министр.