Саясат
1 мин оқу 293

Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Лама Шариф &laquo;әл-Иттихадия&raquo; президенттік сарайында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімде қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өз кезегінде Мысыр Президенті Елші Қ.Лама Шарифқа жаңа жауапты қызметіне табыстар тілей отырып, Қазақстан басшылығына достық лебіздерін білдірді.

Мысыр Президентіне Еуропа Одағы, Бельгия, Дания, Нидерланд, Португалия, Мажарстан, Корея Республикасы, Израиль, Судан, Бангладеш, Эфиопия, Уругвай, Лесото елшілері және Ватикан нунцийі де сенім грамоталарын тапсырды.

Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар