"Алматы-Қапшағай" бағытында қалааралық пойыз қатынасы іске қосылады
<p style="text-align: justify;">"Алматы-Қапшағай" бағытында қалааралық пойыз қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Тұран Экспресс" Жолаушылар компаниясы" ЖШС ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Алматы – Қапшағай" бағыты бойынша қала маңындағы пойыздың күнделікті жүрісі келесі жөнелтумен жалғасатынын хабарлайды:
- Қапшағай стансасында – сағат 05:52;
- Алматы-1 стансасында – сағат 18:58.

Тасымалдау жалпы типтегі вагондармен жүзеге асырылады (отырғызылған). Әр вагонның ішінде кәсіби гидтер бар. Жол ақысы пойыз ішіндегі кондукторларға ONAI жылжымалы көлік терминалы арқылы төленеді. Жол ақысы – 80 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша Turan Express Passenger Company ЖШС кеңсесіне 8727 234 34 70 телефонына немесе turanexpress@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.
Пойыздардың жүру кестесі қоса берілген
