Бүгін Қызылорда облысында үсік жүреді
<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, бүгін республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республика бойынша кей жерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Республиканың кей жерінде шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерге тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жеріне де тұман түседі. Ақмола облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының кей жерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.