Ауа райы
1 мин оқу 381
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды. Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.
Бөлісу: