Солтүстік Қазақстанда 12 оқушы коронавирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстанның 8 білім ордасында 12 оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
"Солтүстік Қазақстанда 8 білім ошағында індет тіркелді. Смирнов ауылындағы орта мектепте, "Булаев балабақша кешенінде", №44-ші орта мектепте, № 10-шы орта мектепте, "Бест" гимназиясында және Булаев орта мектебінде бір-бір жағдайдан анықталды. Ленин атындағы орта мектепте 2, "Дарын" мектеп-лицейінде 4 жағдай тіркелді", деді Б. Қожахметов.
Оның айтуынша, аталған білім орындарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. Ауру белгісі бар адамдардың барлығы 14 күнге оқшауланды.