"Барыс" хоккей клубында 19 адам коронавирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;"><span style="font-weight: 400;">"Барыс" хоккей клубында коронавирус жұқтырған 19 адам амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
"Еңбек ұжымдарында коронавирус инфекциясы анықталуда. Бұл алаңдатарлық жәйт. Мәселен, 17 қыркүйек күні "Барыс" хоккей командасының әкімшілігіндегі 40 адамға алдын алу тексерісі жүргізілді. Солардың арасынан 11 адамнан коронавирус анықталды", - деді Бағдат Қожахметов.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқауымен дереу шара қолданылған.
"22 қыркүйекте науқастармен бірге болған 29 адамды тексеру барысында команданың 8 мүшесінен ауру анықталды. Олардан коронавирус симптомы байқалмайды. Қазір олар амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр", - деді ресми өкіл.