Қоғам
1 мин оқу 201

Қазақстанға келген жолаушылар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ

<p style="text-align: justify;">Елімізге келген жолушылар арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелмеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен – автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і – әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері. Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады", деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 8 білім ордасында коронавирустың 12 жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.

Бөлісу: