Аймақтар
1 мин оқу 371

Атырауда "Сергекпен" 2513 құқық бұзушылық тіркелді

<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 10 қыркүйектен бері Атырау қаласында "Сергек" камераларымен 2513 құқық бұзушылық &nbsp;тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда "Сергекпен" 2513 құқық бұзушылық тіркелді

Құқық бұзушыларға 35 млн 983 мың теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Айыппұлдың 3 млн 533 мың теңгесі өндірілген.

"Сергек" камералары облыс орталығындағы 153 желілік жол учаскеде, 51 жол қиылысында орнатылды. Соның ішінде 774 бейнебақылау камерасы бар. "Сергек" жүйесі бұрын орнатылған видеокамералармен біріктірілді. Бұл полицейлерге жолдың жүру бөлігін ғана емес, қалалық аулаларды, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындарды бақылауға мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, автокөлік иелеріне айыппұл туралы хабарламаны "Қазпошта", сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.

Бөлісу:
Атырауда "Сергекпен" 2513 құқық бұзушылық тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар