Атырауды көгалдандыруға 4,69 млрд теңге бөлінді

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстарын жеке серіктеске беру жөнінде шешім қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл, жалпы сомасы – 4,69 млрд теңгеден астам. Биыл «Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 375 мың гүл егілді. Қаланың 38 көшесінде, 15 саябағы мен алаңында егілген өскіндерге, ағаштарға, алаңы 40 612 шаршы метр гүлзарларға, бұталы қоршауларға күтім жасалады. Сорғы станциялары мен суару жүйелеріне кезең-кезеңімен ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Биыл 2019 жылмен салыстырғанда ағаштардың жалпы саны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша 5 154-ке ғана ұлғайды. Күзгі кезеңге ұзындығы 700 қума метр бұталы қоршау отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, қаланың тарихын қалпына келтіру мақсатында 1,5 га алаңда «Сутягин бағы» аталатын жеміс бағы жанданды. Жеңіс саябағы аумағында жеміс ағаштары егілді. Қазір оың 900-і тамыр жайды», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, биыл қаланың 12 көшесінде 200 шақырымдықсуару желісін жаңғырту аяқталады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және қала жұртшылығыменбірге компанияларға Атырау қаласының аумағында жасыл желектерді отырғызуды, өсіруді міндеттейтін жол картасы қабылданды. Бұл үшін оларға жер телімдері бөлінеді.