Ақтаудағы "Масат" базарында өрт шықты

27 қыркүйек күні таңертең Ақтау қаласы, 23 шағынаудандағы "Масат" азық-түлік базарының аумағында өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өрт салдарынан 2 қатардағы 17 сауда бутиктері, 14 контейнерлер және қалқан-шатыр астындағы 60 сөрелер жанған, нақтыланған жану көлемі 750 шаршыметр.
Маңғыстау уақытымен таңертеңгі сағат 09.16-да өрт оқшауланып, сағат 10.27-де өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

"Өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Маңғыстау облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінен 132 адам және 39 дана техника жұмылдырылды", дейді Маңғыстау облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары подполковник Б.Әбдіқадыров.
Маңғыстау облысы