Әлем
1 мин оқу 280
Қытайда шахтада жарылыс болып, 16 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында шахтада метанның жоғары концентрациясының әсерінен жарылыс болып, 16 адам қаза тапты. Тірі қалған бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.</p>

"Шахта жергілікті энергетикалық компанияға тиесілі. Төтенше жағдай салдарынан үйінді астында 17 адам қалып, 16-сы қаза тапты. Біреуі ауруханаға жеткізілді", деп жазылған ақпаратта.
Қала билігі жұмыс тобын құрып, апат себебін анықтау жұмыстарын бастап кетті.
Бөлісу: