Борышкер әкенің бостандығы шектелді
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын жүзеге асыруға кірісті.</p>

2020 жылдың 20 тамызында Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер А.Ахметов (фамилиясы өзгертілген) Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес кінәлі деп танылған.
Үкім бойынша борышкердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойынша 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылған. Аталған үкім 2020 жылдың 4 қыркүйегінде күшіне енді.
Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 2 811 364 теңгені құраған. Сотталушы борышкер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған.