Алаяқтардан сорлағандарға құлаққағыс
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрлігінің Тер­геу департаменті Қазақ­станның және басқа елдердің жекелеген азаматтарына қатыс­ты 2016-2017 жылдары ел аума­ғында «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» ат­ты қаржы пирамидасын құру фак­ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.</p>

Қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300%-ға дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген.
Ел аумағында алаяқтардан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шығын 1 млрд теңгеден асып түскен.
Тамыз айында қаржы пирамидасы басшыларының бірі, Ресей азаматы Ольга Клейнард Беларусь елінен экстрадицияланды және сотқа дейінгі тергеу қайта басталды.
Осыған байланысты тергеу органы «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын Ішкі істер министрлігіне (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1) немесе тұрғылықты жері бойынша полиция департаменттеріне хабарласуды сұрайды.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды сергек болуға және оңай, тез пайда табу туралы уәделерге сенбеуге және осындай жағдайлардың барлығын дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.