Аймақтар
1 мин оқу 340

Қазына қаржысын қымқырған

<p style="text-align: justify;">Күні кеше Аягөз қаласының әкімі пара алып ұсталған. Енді міне, қазына қаржысы қым&shy;қырылған. Шығыс Қазақстан облысында Эко&shy;номикалық тергеу департаменті &laquo;Қазына&raquo; жедел ал&shy;дын алу іс-шарасын жүргізіп, бюджеттен қара&shy;жат жымқыру фактілерін анықтады.</p>

Қазына қаржысын қымқырған

Қаржы мониторингі коми­­теті мамандары­ны­ның хабарлауынша, Глубокое ауданында ЖШС дирек­торы азаматтарды жұ­мысқа орналастыру және жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңір­лерге көшіру бойынша жал­ған дерек­тер ұсынып, 6,8 млн теңге со­ма­сында бюджет ақ­шасын ұр­лаған. Шындығына келгенде бағ­дар­ламаға қатысушылар іс жүзінде облыс аумағында тұрмаған.

Сонымен қатар Ұлан ауда­нын­да 13,4 млн теңге со­масында ақша ұрлау фак­тісі анық­тал­ды.

Жоғарыда көрсетілген фак­ті­лер бойынша Қыл­мыс­тық Кодекстің 189-бабы (сеніп тапсы­рылған бөтен мүлікті ием­дену немесе талан-тараж­ға салу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жү­ріп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қазына қаржысын қымқырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар