Футбол
3 мин оқу 400

«Қайрат» қара үзіп келеді

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына байланысты екі рет кейінге шегерілген футболдан Қазақстан чемпионатының 10-тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл турда топ басында келе жатқан командалар ұпайдан шашау шығармай, қарсыластарынан басым түсті.</p>

«Қайрат» қара үзіп келеді

Турдың шымылдығын Қостанайдың «Тобылы» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» клубтары ашып берді. Жыл басында чемпиондықтан бірден-бір үміткер коман­да саналған «Тобыл» әзір­ге сенімді ақтай алмау­да. Григорий Бабаян шә­кірт­­тері жеңеді-ау деген матчта жеңіліп, ұпай жо­ғалтады деген ойында же­ңіс­ке жетіп жүр. Яғни әзір­ше команданың ойыны тұрақты деп айта алмаймыз. Мәселен, алдыңғы турларда ел біріншілігінің алты дүркін чемпионы «Ас­тананы» 2:0 есебімен жең­се, кейін Шымкенттің «Ор­дабасы» клубынан 4:0 есебімен тас-талқаны шығып жеңілді. Чемпионаттың қ­а­зірше аутсайдер коман­дасы «Оқжетпеспен» өткіз­ген ойнында Жереми Ман­зорроның 65-минутта соқ­қан голының арқасында әрең дегенде үш ұпайға қол жет­кізді. Кейінгі үш матчта тең ойнаған көкшетаулықтар бұл турда ұпай ала алмады. Десе де матч тең ойынға лайық дәрежеде өткенін айта кеткен жөн.

Өткен турда «Оқжет­песпен» 2:2 нәтижесімен тең түскен Ақтаудың «Каспийі» бұл турда «Тараз» клубына еш қарсылық көрсете алмады. «Тараз» соңғы рет 15 наурызда өз алаңында «Ор­дабасы» клубынан 3:2 есебімен басым түскен соң кешегі күнге дейін жеңістің не екенін білмей келе жатқан еді. Екі таймда бір-бірден гол соққан «Тараз» үш ұпай иеленіп, турнир кесте­сіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Бұл тараз­дықтардың екінші жеңісі екенін де айта кетейік. Ал жеңілістен көз ашпай келе жатқан ақтаулықтар турнир кестесінде соңғы орында қалып қойды.

Ал осы турдың ең тар­тыс­ты және ең көп гол со­ғылған ойыны «Шахтер» мен «Жетісу» арасында өтті. Екі команданың да ста­­­тистикасы қызық. Мә­селен, Қарағанды клубы бұл матчқа дейін үш рет тең түссе, жетісулықтар қа­­т­а­рынан үш ойында же­­­ңіске жеткен-ді. Сон­дықтан футбол мамандары бұл матчта «Жетісу» еш қи­ындықсыз жеңіске же­теді деп болжаған. Алай­да кездесудің 70-минуты­на дейін «Шахтер» 2:0 есе­бімен алда келді. Әне-міне дегенше ұзақ күт­тірген жеңісін тойлауға жақын тұрған кеншілер командасы айналдырған 20 минут ішінде үш гол өткізіп алып, қолда тұрған үш ұпайынан айырылып қалды. «Жетісу» сапынан екінші тайм басында алаң­ға шыққан шабуылшы Айбар Жақсылықов 70 және 83-минутта дубль жасап, есепті теңестірді. Арада бір минут өткенде Педру Эужениу таблодағы көрсеткішті 3:2-ге жеткізді. Осылайша «Жетісу» ойында камбэк жасап, төре­шінің соңғы ысқырығы ша­лынғанша ойындағы жеңім­паз­ды анық­тау мүмкін емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

1

Шымкенттің «Ордаба­сы» клубы бұл турда Петропавлдың «Қызыл­жар» командасын қабыл­дап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Өткен турда «Қай­сар» клубымен тең түс­кен «Ордабасы» Жоао Пауло­ның арқасында бір ұпай еншілеген болатын. Ал ке­шегі матчта Жоаоның соқ­қан жалғыз голының ар­қа­сында үш ұпайға қол жет­кізді. Чемпионаттың ең үздік сұрмергеніне ай­налған бразилиялық футболшы осымен қатарынан же­тінші ойында гол соғып, «Ор­дабасыны» турнир кестесіне жоғары орындарға қарай жетелеп келеді. «Қызылжар» кейінгі үш тур бойы қарсы­лас­тарына ұпай сыйлаудан әріге аса алмай жүр. Өт­кен турда «Қайраттан» 1:0 есебімен жеңілсе, оның алдында «Тобылдан» 2:0 нәти­жесімен ұтылды.

Чемпионатты тәуір бас­таған «Астананы» рестарт­тан кейін не қырсық шал­ғаны белгісіз, ойыны тегі жүрмей қойды. Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Беларусьтің «Ди­намосынан» 6:3 есебі­мен, Еуропа лигасында деңгейі мен қаржылық жағдайы бойынша бірнеше есе төмен «Будучность» командасынан 1:0 есебімен жеңіліп, жанкүйерлерін жерге қа­ратты. Ішкі чемпионатта да жағдайы аса мәз емес. 10-турда «Қайсармен» кездескен ел чемпионы соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды. Ойынның 87-минутында қорғаушы Жарко Томашевич гол соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Қаржылық жағдайға бай­ланысты биылғы Қазақ­стан чемпионатынан Пав­лодардың «Ертіс» клубы шығып қалған соң бірін­шілікке 11 команда қатысып жатқаны белгілі. Сондықтан әр тур сайын бір командаға демалыс беріледі. Бұл жол­ғы кезек Алматының «Қай­рат» клубына жеткен екен. Чемпионатты өте сәтті бас­таған «Қайрат» қазіргі таңда қарсыластарынан қара үзіп, турнир кестесінде көш бас­тап келеді.

10-турдан кейін сұрмер­гендер көшін, жоға­рыда айт­қанымыздай, «Орда­ба­­сының» шабуылшысы  Жоао Пауло бастап тұр. 11 матчта («Ордабасы» өзге командаларға қарағанда екі ойын артық өткізген) ол қар­сылас қақпасын 7 мәр­те дәл көздеген. Кейінгі орындарға Абат Айым­бе­тов пен Рунар Мар Сигурьонс­сон жайғасқан. Олардың еншісінде бес голдан бар.

Бөлісу:
«Қайрат» қара үзіп келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар