Аймақтар
1 мин оқу 432
Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстанда ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды. "Шығыс - Адалдық алаңы" жобасы аясында жүзеге асқан жоба Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы бойындағы сауда үйінің қабырғасына бейнеленген, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</p>
Муралда ақынның "Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды" деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.
Бөлісу: