Аймақтар
1 мин оқу 733

Атырауда 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында пробация қызметінің есебінде &nbsp;бас бостандығы шектелген 499 сотталушы тұр. Солардың арасындағы 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Жақында пробация қызметімен соталушылардың мекенжайына тексеру жүргізілді. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

"Тексеру кезінде бас бостандығы шектелген 39 сотталушының сот жүктеген міндеттерден жалтарғаны анықталып, оларға ескерту жарияланды. Ал 8 сотталушыға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолданды", дейді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қабдолов.

Бөлісу:
Атырауда 8 сотталушы бас бостандығынан айырылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар