Экономика
1 мин оқу 714

Темір жол саласының техникалық регламенттері

<p style="text-align: justify;">Сауда және интеграция министр&shy;лігі Экономикалық интеграция депар&shy;&shy;таментінің сарапшылары қазақ&shy;&shy;стандық делегация құрамында Еура&shy;&shy;зиялық экономикалық комис&shy;сия алаңында &laquo;Темір жол жылжыма&shy;лы құрамының қауіпсіздігі туралы&raquo;, &laquo;Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы&raquo; және &laquo;Темір жол көлігі инфра&shy;құ&shy;ры&shy;&shy;лы&shy;мының қауіпсіздігі туралы&raquo; Кеден одағының техникалық регла&shy;мент&shy;теріне өзгерістер жобалары бойын&shy;ша келіспеушіліктерді талқылау жө&shy;нін&shy;дегі кеңеске қатысты.</p>

Темір жол саласының техникалық регламенттері

Осы техрегламенттер Еуразия­лық экономикалық одақ елдерін­дегі темір жол көлігінің және оның инф­рақұрылымының, оның ішін­де локо­мотивтердің, жолаушылар және жүк вагондарының, темір жол плат­формалары мен стансаларының қауіпсіздігі мәселелерін реттейді.

Құжатты әзірлеу 4 жылдан ас­там уақыт бойы жүргізіліп келеді. Өз­ге­рістер жобасында сәйкестікті растауға жататын жылжымалы құ­рам­ның құрамдас бөліктерінің тізбе­леріне, ұғымдық аппаратқа өзге­рістер енгізу көзделеді, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен рәсімдері нақтыланады.

Құжат қоғамдық талқылаудан, мем­лекетішілік келісу рәсімдерінен өтті және жоғары дайындық дең­гейінде.

Қазіргі уақытта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында жылжымалы құрамды және (немесе) оның құрамдас бөліктерін кедергісіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 3 мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр.

Бұл түзетулер вагондарды жа­ңар­­ту кезінде даулы мәселелерді ше­шуге, кейіннен вагондардың қыз­мет ету мерзімін ұзартуға, қосалқы бөл­шектерді әкелуге, сәйкестікті баға­лаудан өтуге мүмкіндік береді. Мы­салы, күрделі жөндеуден өткен вагон­дардың Ресей Федерациясына кіру мүмкіндігі бөлігінде.

Қазақстан, армян, беларусь және қырғыз тараптары жоғарыда атал­ған ұсыныстарды келісті, ал Ресей Федерациясы қарсы.

Осыған байланысты, тарап­тар­дың өзара тиімді шешімдерді іздеу бо­йынша консультациялары жалғасуда.

Бөлісу: