Аймақтар
3 мин оқу 830

Қарттарға қамқорлық қажет

<p style="text-align: justify;">Жаман індеттің зардабы Қарттар күнін де қалыпты жағдайда өткізуге кедергі келтіріп отыр. Жыл сайын &laquo;Қарттар күнінің&raquo; қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері сенбілікке шығып, оның ақшасын облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер ұйымда&shy;рының есепшоттарына аударатын еді. Осынау біркүндік табыстың өзі қарттарды құттықтап, естелік сыйлықтар, азды-көпті ақша мен зейнетақысына ала бермейтін пакеттер толы тәтті-дәмділерді таратып, дастарқан жайып, жақсы мерекелеуге, құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін.</p>

Қарттарға қамқорлық қажет

Мәселен, былтыр «Арда­герлерімізге жүрек жылуы­мызды білдірейік» деген сен­біліктен басқа да акция өт­кізіліп, облыста қарттар үшін бір қуанышты күндер болып еді. Оның шеңберінде 42 қарттың үйі жөнделді, 16 568 аз қамтылған, жасы кел­­ген адамдар азық-тү­лік пакет­терін алды. Со­ны­мен бірге 47 222 қартқа түр­лі ма­териал­дық көмек көр­сетілді. 11 684 адам тегін дәрі-дәрмектер алды. Ал 203 зейнеткер са­наторий-ку­рорттық емдеу орында­ры­на жіберілді. Соның ішінде қарттарды ма­те­риал­­дық жа­ғынан қол­дауда Пе­тропавл қаласы мен Та­йын­ша және Қызылжар аудандары көзге түскен.

Өкінішке қарай, биылғы жаман індеттің кесірінен мұндай көмектер жасалмайды, өйткені сенбілік өтпейді, қайырымдылық акциялары жүргізілмейді. Бірақ жү­регі дүрсілдеп, осы күнді асы­ға тосып, алаңдап оты­ра­тын қамкөңілді қарттарды құт­тық­тамауға бола ма? 

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ағамызға жолығып, би­ылғы қарттар мерекесінің қалай аталып өте­тінін сұра­ғанымызда біршама жаңа­лыққа қанықтық.

«Біз жергілікті би­лікке, ме­кемелер мен кәсіпорындар басшыларына хат жазып, «Қарттар күнін» атап өту­ге шақырып отыр­мыз. Арда­герлер аспаннан түскен жоқ, бә­рі де осы елдің, осы жердің тумалары. Өмір бақи осы жердің өркендеуіне қызмет етті, халық са­нын арттырып, саналы ұр­пақ өсір­ді. Ертеңгі күні бә­ріңіз де қарт боласыздар, сонда бүгінгі жасаған құр­мет­теріңіз өзде­ріңіздің алды­ңыздан шығады деп жатырмыз. Ақшалай көмек бере алмасаңыздар тым бол­маса көңіл білдіріп, ме­дициналық қыз­метпен, жылы сөзбен құттықтаңыздар деген ті­лектер айттық. Обалы не­шік, бәрі де тү­сіністікпен қарап, өз аумақтарындағы қарт­­тарын құттықтауға уәде беріп жатыр», деді Ескендір ағамыз.

Жуырда ардагерлер ұйы­мының бастамасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтің жүр­гізуімен барлық аудан әкімдерінің орынбасар­лары, ардагерлер ұйым­дарының төрағалары қатыс­қан селекторлық кеңес өт­ті. Жиында бар­лық ауданда Қарттар күніне ар­налған айлықты тиімді өт­кізу мәселесі қаралды. Со­ның ішінде медицина қызметкерлері қарттардың үйлеріне барып, олардың ден­саулықтарын тексеріп шы­ғуы тапсырылып, қам­­көңілді жандарды риза ету сұралды. Осы хат­тамалық тапсырма об­лыс­тық ден­саулық сақ­тау бас­қарма­сына берілді. Со­­нымен бірге жастар ұйым­­дарының бар­лық сатыларына да өз аймақ­тарындағы қарт­тарды құттықтап шығуға ұсыныс жасалады.

Ауыл шаруашылығы бас­қармасы мен жергілікті әкімдіктерге ауылдағы малы бар қарттардың үйіне бір тіркеме шөп тү­сіру, қыстық отынын жеткізіп беру, 1-2 қап жем, бірер қап ұн беруді ұйымдастыру тапсырылады. Сонымен бірге аудан орта­лықтарында ауыл ша­руашылығы өнімдерін сататын жәрмеңкелер қарттар күніне арналып, тағамдар сәл жеңілдетілген бағамен сатылса да қарттарға жа­салған құрмет болмақ.

Биыл фермер, шаруа­лардың жағдайы жақсы. Астық тым шығымды бол­мағанымен сапасы жоғары, бағасы үлкен. Сондықтан қарт­тарын қадірлеуді, олар­дың көңілін аулауды еш­кімнің ұмытпағаны жөн. Өз ауылдарынан шыққан құрметті ақсақалға 10-15 күндік демалыс орнына жолдама апарып берсе, ондай шаруаға қарттар әбден разы болып қалар еді. Қарттар күнін атаудағы негізгі мақ­сат – қарт адамдардың көңілін көтеру.

Осындайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаман індет әлеуметтік және экономикалық қиындықтар тудырып жат­қан кезде хал­қымыз тұтастық пен бір­лікті нығайта түсуі керектігін айт­қан сөздері ой­ға оралады. Халықтың барлық санаты бір-бірін қолдап, бірлік пен тұтастық ны­ғая түссе – қиындықты еңсеруде оңай болары сөзсіз.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қарттарға қамқорлық қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар