Оқиға
1 мин оқу 473

Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Мен де жұлдыз боламын&raquo; балалар байқауының биылғы бас тақырыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған екен. Жақында жас таланттарды іріктеп, оза шапқандарға арнайы жүлде беретін байқаудың ақтық сайысы өтті.</p>

Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды

Осы байқаудың «Көркем сөз оқу» аталымына Алма­ты облысының Кербұлақ ауда­нынан барып қатысқан Бағым Сақижан топ жарып шы­ғыпты. Бағымның жасы – бесте. Ол биыл Сарыөзек кентін­дегі №49 орта мектептің «0» сы­ныбына оқуға барды. Сүй­кім­ді қыз тілі шыққаннан тақ­пақ жаттап, мәнерлеп оқуға дағ­дыланыпты. Бағым Абай атасының мерейтойына орай данышпан ақынның көп өлеңін жаттап алған екен, жақында өткен «Мен де жұлдыз боламын» байқауында «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңін жатқа оқыды. Кішкентай көркемсөз оқушының жатық тілі мен жағымды үні, сахнадағы сән-сал­танаты мен Ұлы Абай өлең­деріне деген құр­меті қазы­лар алқасын тәнті етіп, бірін­ші орынға ие болды. Бай­­қау ұйымдастырушылары Ба­ғымға келер жылы Түркия елінде өте­тін балалар шығар­­машы­лығын дамытуға ар­нал­ған халықар­лық байқауға қа­тысуға жолдама берді.

Айтпақшы, осы байқаудың «Би» аталымына қатысқан та­ғы бір топ жетісулық балалар жүлделі болыпты. Ескелді аудан­­­дық мәдениет үйі жанынан құрылған «АлиНаз» би ансамблі де «Мен де жұлдыз боламын» байқауынан жүлделі екінші орын алып қайтты.

Алматы облысы

Бөлісу:
Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар