Аймақтар
1 мин оқу 240
Павлодарда өндіріс аумағында қоқыс өртенді
<p style="text-align: justify;">Жалын 150 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық өнеркәсіп аймағының аумағында қоқыстың жанғаны туралы хабарлама "101" пультіне сағат 18:45-те түскен.
"Оқиға орнында облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі автоцистернасы жұмыс істеді", дейді департаментте.
Өрт 19:02-де оқшауланды.
Бөлісу: