Заңсыз ауланған балық артқан көлік жүргізушісі ұсталды
<p style="text-align: justify;">Көлік жүргізушісі Қарағандыға заңсыз аулаған балықты жеткізбек болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/zhanga-aulanghan-balyqtardy-quzhatsyz-tasymaldaghan-adamgha-qatysty-is-tergelude/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz-ке </a>сілтеме жасап.</p>
"28 қыркүйекте сағат шамамен 03.00-де Қарағанды облысының ПД патрульдік полициясы батальоны қызметкерлері Бұқар жырау ауданы аумағында орналасқан “Қарағанды – Аягөз” тасжолы бөлігінде Қарағанды қаласына бара жатқан көлікке назар аударды. Келе жатқан көлік шегіне дейін артылғаны көрініп тұрды. Машинаның іші-сырты қапқа тиелген жаңа ауланған балықты полицейлер көліктен анықтады. Рөлдегі 38 жастағы жүргізушіде балыққа қажетті құжаттар болған жоқ", делінген хабарламада.
Көлік жүргізушісі балықты қайдан алғанын полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында анықтайды.