Қоғам
1 мин оқу 301

Тіл комитеті этнос өкілдерімен семинар өткізеді

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен&nbsp; 30 қыркүйекте онлайн режимде "Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Онлайн бас қосуда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктің басшылары мен оқытушылары пікір алмасып, ұсыныстарын айтады.

Шарада Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра» Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов,   «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин баяндама жасайды.

Бөлісу:
Тіл комитеті этнос өкілдерімен семинар өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар