Ауа райы
1 мин оқу 374

29-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Республиканың солтүстік, шығыс және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде күн ашық болады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
29-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар