Білім
2 мин оқу 930

Студенттерге арналған конкурс жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан студенттерінің альянсы еліміздің үздік студенттерін анықтау мақсатында алғаш рет конкурс ұйымдастырып отыр. &laquo;Қазақстанның алтын жастары&raquo; сыйлығына ел студенттері бірнеше бағыт бойынша қатыса алады.</p>

Студенттерге арналған конкурс жарияланды

Альянс төрағасы Ілияс Түстікбаев атал­­­ған шара биыл бірінші рет өткізі­ліп жатқа­нын алға тартады. «Жыл соңын­да Қазақстан студенттер альянсының ша­қы­­рылымында үз­дік студенттерді марапаттауды жоспар­лап отырмыз. Бұл жыл сайын өткізілетін дәстүр­ге айналса деген де ойымыз жоқ емес», ­дей­ді ұйым бас­­шысы.

Ұйымдастырушылар «Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» жобасы аясында өткізілетін сыйлық келешекте еліміздегі жастарды және жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарын қолдау және дамытуға үлес қосады деген үмітте. Жыл соңына қарай тә­мам­далатын жарыста үздік студент, кол­ледж­дің үздік студенті, үздік волонтер, ЖОО-ның ең үздік өзін-өзі басқару ұйы­мы, колледждің ең үздік өзін-өзі басқару ұйы­­мы, өзін-өзі басқару ұйымының ең үздік көшбасшысы, Қазақстан студенттері альян­сының үздік штабы мен Қазақстан студент­тері Альянсының үздік белсендісі анықталмақ.

Жоғарыда аталған аталымдар бойынша үздіктер қатарынан табылғысы келетін сту­денттер өтінімдерін ask_ksa@list.ru элек­­­тронды мекенжайына 20 қазанға дейін жі­бе­руі керек.

Сонымен қатар студенттер альянсы биыл­дың үздік өзін-өзі басқару ұйымына да конкурс жариялап отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қол­дауымен өтіп жатқан байқауға еліміз­дегі жоғары оқу орындарындағы жас­тар ұйымдары қатыса алады. Үздік деп таныл­ған ұйымдарға 200 мың теңге көлемінде грант бар. 1 және 2-орынға лайық көрінген жастар қауымдастығы 100 000, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болмақ.

«Бұл конкурсты ұйымдастырудағы не­гізгі мақсатымыз – әр облыстағы жас­тар мәселе­сін көтеріп, жастардың әлеу­­мет­тенуіне жағдай жасап жүрген ұйым­­дарды республикаға танытып, олар­дың еңбектерін дәріптеу. Қаржылай сый­лық тағайындау арқылы да оларға қол­дау көрсетіп, одан әрі жұмыс істеуін жігер­лендірмек ойымыз бар. Жас­тар мем­лекет тарапынан қолдау көрсе, еңбек­­терінің баға­ланғанын түсінсе бұдан да үл­­кен қадам­дар жасап, алып асуларды еңсереді деген ой бар. Әлбетте, жастар­дың мәселесін жас­тардың шешуі орынды әрі қалыпты. Алай­да мемлекеттің қол­дауынсыз біз күт­кен нәтижеге қол жет­кізу кей кезде мүм­кін болмайды. Ел жас­тарын аталған конкурс­тарға белсене қаты­суға шақырамыз. басқа өңірлердегі әріп­тестерімен танысып, ой бөлісіп, серік­тестік түзеуге де жақсы орай туып тұр. Сондықтан бұл конкурстар келешекте өз жемісін береді деген сенімдеміз», дейді Ілияс Түстікбаев.

Конкурс талаптарына сәйкес, әр университеттен 1 жастар ұйымы қатыса алады екен. Сонымен бірге жеңімпаздар саны да шектеулі екені мәлім болды. Ілияс Түс­тік­­баевтың айтуынша, республикалық ке­зеңге әр облыстан 1 ұйымнан, ал ел аста­­­насы мен Шымкенттен 2, Алматы қала­­сынан 3 ұйымнан жіберіледі. Яғни сайыс­тың республикалық кезеңінде 21 жас­тар қауымдастығы бақ сынасады.

Бөлісу:
Студенттерге арналған конкурс жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар