Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Министрлік мәліметінше, ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына беріледі.
Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті.
Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.
Қазақстандық гуманитарлық көмек Ауғанстанның зардап шеккендер арасында 8 провинцияда таратылғанын атап өткен жөн. Аталмыш азық-түлік Қабылдан басқа Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларында таратылды.