Елорда
1 мин оқу 266
Елордадағы айналма жол толығымен жабылады
<p style="text-align: justify;">30 қыркүйектен 7 қазанға дейін Керей, Жәнібек хандар көшесінен оңтүстік-батыс айналма жолға дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысын толық жабу жоспарлануда. Бұл жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.
Бөлісу: