Қоғам
1 мин оқу 230

Өнеркәсіп саласын цифрландыруға назар аударды

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфра&shy;құрылымдық даму министр&shy;лігінде өнеркәсіп саласын цифрландыруды талқылау аясында вице-министр Динара Щеглова &laquo;Цифр&raquo; компаниясының басшы&shy;лығы және &laquo;Инновациялық техно&shy;логиялар паркі&raquo; дербес клас&shy;тер&shy;лік қорының өкілдерімен кездесті.</p>

Өнеркәсіп саласын цифрландыруға назар аударды

Кездесу барысында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі қорларын трансформациялау және цифрландыру перс­пективаларын қоса алғанда, тех­нологиялық прогрессивті өнер­кәсіпке көшу мүмкіндігі талқыланды. «Цифр» компаниясы Қазақстан аумағында бірқатар маңызды жобаларды іске асыру туралы айтты. Әрі Ресей Федерациясында Индустрия 4.0 орталығын құру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Одан бөлек, тараптар өнеркәсіпті цифр­лы трансформациялаудың жал­ғыз жолы ретінде адами ка­питалды дамытудың маңыз­ды­лығын атап өтті.

Қазақстанда отандық кәсіп­орын­дар «Цифр» компаниялар тобымен ынтымақтастық ин­новациялық өнімдер мен шешім­дерді интеграциялау үшін плат­форма құруға, сонымен бірге жергілікті кадрлардың құзырет­тілігін дамытуға мүмкіндік бе­реді.

«Цифр» компаниялар тобы өнер­кәсіптік жасанды интеллект және интернет заттары негізіндегі ше­шімдерді әзірлеп, енгізеді. Робот­тандырылған өнеркәсіптік көлік индустриясын дамытады. «Цифр» компаниясының өнімдері Ресей, Финляндия, Үндістан, Франция, Германия, Болгария, Румыния, Сингапур, Марокко, Чили, Перу, ОАР-дың тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және машина жасау салаларының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келешекте ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Бөлісу:
Өнеркәсіп саласын цифрландыруға назар аударды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар