Теннис
1 мин оқу 202

Диас жарыстан шығып қалды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Францияның бас шаһары &ndash; Парижде теннистен &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы &laquo;Ролан Гаррос&raquo; жарысы өтіп жатқаны белгілі. Жарысты бес теннисші болып бастаған қазақ&shy;стан&shy;дық спортшылардың саны екінші айналым алдында біреуге қысқарды.</p>

Диас жарыстан шығып қалды

Әлемдік рейтингте 76-орынға жайғасқан жерлесіміз Зарина Диас Франция ашық чемпионатындағы тұсаукесер кездесуін рейтингте 35-орында тұрған Тунис спортшысы Онс Жабермен өткізіп, жеңіліп қалды. Үш сетке созылған бәсекенің алғашқы партиясында Диас 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетіп, жарысты сәтті бастаған еді. Алайда кейінгі екі сетте 6:3, 6:1 нәтижесімен қарсы­ласына есе жіберіп, «Ролан Гаррос» турни­рінің жекелей жарыстағы өнерін аяқтады. Десе де отандасымыз жұптық бәсекелерін жалғастырады.

Айта кетейік, халықаралық додаға қаты­сып жатқан өзге жерлестеріміз алғашқы айналымды сәтті бастап, екінші кезеңге жолдама алды. Бұл кезеңде Юлия Путинцева аргентиналық Надей Подороскамен, Алек­сандр Бублик италиялық Лоренцо Сонегомен және Михаил Кукушкин испаниялық теннисші Педро Мартинес Портеромен бақ сынайды.

Бөлісу:
Диас жарыстан шығып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар