Оқиға
2 мин оқу 760

Шоқан Қашқардан әкелген құмыра

<p style="text-align: justify;">Бүгін Оңтүстік астанада халықаралық ынтымақтастық аясында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен &laquo;Ғажайып қолтаңба&raquo; атты көрме ашылды. Бір айға созылатын көрмеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорында сақталған қытай фарфор бұйымдары қойылады.</p>

Шоқан Қашқардан әкелген құмыра

Мемлекеттік орталық му­зейінің қорында XIX ғасырдың екінші жартысында (ҚР МОМ Орын­бор кезеңінің тарихы) қа­лып­таса бастаған қыш пен фар­­фор топтамалары ерекше орын алады. Ол кезде музейге өт­кі­зілген алғашқы экспонаттар­ды жеке адамдар «сыйға берген» және олар негізінен XVIII-XIX ғасырларға тиесілі тұрмыс­тық заттар еді. Олардың арасын­да әсемдігі және көркем пішін­дерімен назар аудартатын әртүр­лі керамикадан жасалған бұйым­дар бар.

Қытай фарфоры – аспанас­ты империясының мәдениеті мен өнерінің маңызды компонент­терінің бірі. Жәдігер бұйымдар фар­форға сурет салу өнерін көр­сетеді, сонымен қатар ежелгі дә­уір­лерден бастап әр заманда өз туындылары арқылы әлемдік өнер­ге құнды үлес қосқан қы­тай ше­берлерінің ғасырлық дәс­түрлерін паш етеді.

«Ғажайып қолтаңба» көрме­сінің экспозициясы 3 бөлімнен тұрады: археологиялық қазба жұ­мыс­тарының үлгілері; фар­форды көркем керамика өне­рінің айрықша үлгісі ретінде таныстыру; сондай-ақ көркем керамиканың сәнді шағын түр­лері. Көрмеге Қазақстан Орталық му­зейінің фарфордан, фаянс, ке­рамика, мыс, саздан жасалған 60-тан астам бірегей экспонаттары қойылады. Жұрт назарына ұсынылатын жәдігерлер ішінде Талғар қаласынан (Талхир) та­былған, Ұлы Жібек жолымен бізге жеткен қыш бұйымдарын көр­сететін археологиялық қыш бұйымдары ерекше қызығу­шы­лық тудырады. Бұл XI-XII ғасырлардағы қытай фарфорынан жасалған, Сун династиясына тиесілі, Алматы маңындағы ежелгі Талхир (Талғар) қаласын­дағы қазба жұмыстары кезінде табылған тостақтар мен табақтар. XIX ғасырдың 40-жылдарында Орынбор қаласында сатып алынған гүлді оюлар мен қы­тайлық өрнектері бар фар­фор­­­­дан жасалған ыдыс-аяқ­тар­­­­дың ғажайып коллекциясы, құмыралар, оның ішінде Қаш­­қариядан Ш.Уәлиханов өзі әкелген жеке құмырасы, со­ны­­мен қатар ХХ ғасырдың әр жыл­дарындағы шай рәсімінің заттары да көпшілік назарына ұсынылады. Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ҚХР басшылары сыйға тартқан құмыралар мен кәдесыйлар де құнды жәдігер­лердің қатарында.

Қытайлық қолөнершілер салған бұйымдар сапасы, әде­мілігі, декордың өзін­дік ерек­шелігі, пішіндері мен тақы­рыптарының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қытай пей­заж­дарының сұлулығы, Будда храм­­дарының, сарайлар мен пагодтардың әсем фор­ма­ла­ры, гүлдермен әшекей­ленген бұйым­дар, гүл композиция­ларының сызбалары, суреттер, иероглифтер – осының бәрі суретшілердің жоғары шеберлігін паш етеді.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Шоқан Қашқардан әкелген құмыра · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар