Қазақстан
1 мин оқу 305
Құс тұмауынан қырылған 330 мың бас үшін өтемақы төленеді
<p style="text-align: justify;" align="justify">Елімізде құс тұмауынан қырылған 329 691 бас үшін өтемақы төленеді. Бұл туралы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде хабарлады.</p>
"Орташа нарықтық құнын өтеуді комиссия жүзеге асырады. Арнайы штабтар құрылды. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ-сі құс иелерінің сараптама, жою актісі, құс тұмауынан болған өлім-жітімді растайтын құжаттары және арнайы шотты ашқан кезде ғана қаржыны аударады. Комиссия өтемақыны Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің құстардың түрлері бойынша деректері негізінде анықтайды", - деді спикер.
Бөлісу: