Қызылорда облысының әкімі ардагерді Қарттар күнімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысы ардагері Любовь Колесниктің үйінде болып, Қарттар күніне орай құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Қарттар біздің қазынамыз. Елімізде қарттарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналды. Сіздерге құрмет көрсету біздің парызымыз. Өмір жолдарыңыз, ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін", - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысы ардагері көрсетілген құрметке алғысын айтты.
Колесник Любовь Сергеевна - 1925 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.
Соғыс жылдары жергілікті медициналық техникумда оқып, 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Беларусь майданында медбике қызметін атқарған.