Аймақтар
1 мин оқу 783

Атыраулық жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Атырауда жол ережесін бұзатын жүргізушілер көбейіп тұр. &nbsp;Соның біріне 1 млн теңге айыппұл салынған, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атыраулық жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

"Патрульдік полиция қызметкерлері айыппұл  төлемей жүрген жүргізушілерді тоқтатып жатыр. Мәселен, жылдамдық өлшегіш құралына 22 рет түскен "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұлдың  жалпы сомасы 417 мың 890 теңгені құраған. Ал, "Lexus"  көлігінің иесі жылдамдықты 8 рет арттырып, оған 152 790 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, тағы бір "ВАЗ-2110" көлігін басқарған жүргізуші жылдамдық өлшегіш құралының "көзіне" 45 рет түсіп, салынған айыппұлдың көлемі 1 миллион 13 мың 970 теңгеге жеткен" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айыппұлын төлемеген  жүргізушілердің көлігі ақылы тұраққа койылды.  

Бөлісу:
Атыраулық жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар