Аймақтар
1 мин оқу 135

Жол-көлік оқиғасында зейнеткер зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Петропавлда жолды велосипедпен белгіленбеген жерден кесіп өткен 72 жастағы зейнеткерді көлік соқты. Бейнекамерадан жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізгенін, екінші жүргізуші тоқтауға үлгермегенін көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл көшесінде орын алған. Жедел жәрдем жәбірленушіні түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Медициналық куәландыру "Volkswagen Passat" көлігінің 29 жасар жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.</p>

Жол-көлік оқиғасында зейнеткер зардап шекті

"Жыл басынан жолдарда жаяу жүргіншілер тарапынан 4 мыңдай құқық бұзушылық анықталды. Жолдағы қайғылы оқиғалар көп жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзуынан, оның ішінде жолды белгіленбеген кесіп өтетін жаяу жүргіншілер себепші болып жатады", - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілер жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен кесіп өтеді, көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады.

СҚО-да жыл басынан жаяу жүргіншілердің кінәсінан 10 астам жол-көлік оқиғасы орын алды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Жол-көлік оқиғасында зейнеткер зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар