Нұр-Сұлтанда Ұстаздар күніне орай ағаштар отырғызылды
<p style="text-align: justify;">Ұстаздар күніне орай Нұр-Сұлтанда дарынды қыз балаларға арналған Bilim-Innovation мектеп-интернатының жанында ағаш отырғызылып, экологиялық акция өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мектеп аумағын абаттандыруға Нұр-Сұлтан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері, сонымен қатар әкімдік қызметкерлері қатысты.

"Қазіргі таңда мұғалім мамандығы өте маңызды. Өйткені, мұғалімдер - жас ұрпақтың ақылшысы. Мектептің айналасы әсем әрі жасыл, ал қыздар бақытты және әрқашан жақсы көңіл-күйде болғанын қалаймыз", дейді жергілікті полиция қызметі елордалық ювеналды полиция бөлімінің бастығы, кәмелетке толмағандар істері және оларды қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Нэлля Дощанова.
Ұстаздар күніне орай мұғалімдерге азық-түлік себеттері мен әкімдіктің алғыс хаттары табысталды.