Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда

<p style="text-align: justify;">Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын "Шымкентлифтмонтаж" компаниясының жұмысымен танысты. 

Қазір Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін ауыстыру қажет.

Биыл қалада көпқабатты 6 үйдегі 12 лифт жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы "Шымкентлифтмонтаж" ЖШС ауыстыруда. Қалған екеуін "DOSTAR лифт" ЖШС жаңартады.

Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көпқабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Шымкентте көпқабатты үйлердің лифтілері жаңартылуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар