Экология
2 мин оқу 900

Күзгі көшет отырғызу басталды

<p style="text-align: justify;">Өртелген жерді қалпына келтіріп, орманды алқаптарды ұлғайту үшін &laquo;Семей орманы&raquo; мемлекеттік орман табиғи резерватында күзгі көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.</p>

Күзгі көшет отырғызу басталды

Жасыл желеңді жалпы аумағы 552 гектар аумаққа отыр­ғызу көз­дел­ген. Жабық та­мыр­лы жүйе әдісі­мен қарағай кө­шеттерін өсіру за­манауи стан­саның тың технологияла­ры арқылы жүзеге асады. Өрт ошақтары Бесқарағай ауда­ны­ның 6 ірі филиалында бол­ған­дықтан, кешен осы аудан аума­ғында салынған. Мұның тиімді тұсы – жұмысшылар көшетті алысқа тасымалдап, тамырын бүлдірмейді.

Тарыдай тұқым алып қа­ра­ғайға айналғанша орман­шы­лардың қа­да­ғалауында, күтімінде болады. Мұн­дағы бағбандар көшет тұқы­мын залалсыздандырып барып авто­маттандырылған түрде арнайы ыдыс­тарға себеді. Жылыжайдағы кө­шеттер 10-12 апта ерекше күтімде тұ­рып тамырланады. Жұмысшылар ауа температурасын, ылғалдылықты үнемі назарда ұстап отырады. Олар қылтиған көшеттерді суа­рып қана қоймай, минералды тыңайтқыштар да қолданады. Тамырланды-ау дегенде барып, қарағай өскіндерін арнайы ашық алаңға шығарады. Жасыл желектер ашық жерде, жел­дің өтінде, жауын-шашында жер­гілікті та­биғатқа бейімделеді. Содан кейін барып қана белгіленген жер­лерге отырғызылады.

1

Жабық тамырлы жүйе әдісі­мен өсірілген көшеттердің са­­пасы дәс­түрлі тәсілмен өсі­рілген ек­пе кө­шеттерінен едә­уір жоғары екен. Се­бебі отыр­ғызу кезінде тамыр жүйесі бұ­зылмайды. Тамыр жү­йесі бұзыл­маған соң далалы жерге тез бе­йім­деліп кетеді. «Семей ор­ман­шылығында» бұл тәсіл 2016 жылдан бері қолданылып ке­леді. Жабық тамырлы жүйемен алын­ған көшеттер 18,7 гектар өр­тел­ген ал­қаптарға отыр­ғызылды. Бұл көшеттердің 76%-ы жерге бе­йім­де­ліп, тамыр жа­йып кеткен.

Мамандардың пікірінше, өр­тенген жерді қалпына келтірудің бір­ден-бір тиімді тәсілі осы – жа­санды жолмен қарағай кө­шеттерін егіп шығу. Есеп-қисап бойынша, 1 гек­тарға мөл­шермен 3700-4200 дана көшет отырғызылады. Мұндай игі жұ­мыс жыл сайын жалғасын таба бермек.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Күзгі көшет отырғызу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар