Спорт
1 мин оқу 300
Әлем кубогында топ жарды
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Мажарстанның Сом­батхей қаласында спорттық гимнас­тикадан Әлем кубогы өтіп жатыр. Ха­лықаралық турнирге қатысып жат­қан қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде тұғырдың ең биік сатысынан көрінді.</p>

Әлемдік доданың бірінші жарыс күнінде өнер көрсеткен жерлесіміз Нариман Курбанов спорттық ат снаряды бойынша қарсыластарынан қара үзіп, Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар еркін жаттығу бойынша сайысқа түскен Ілияс Азизов алтын жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрініп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Милад Карими финалда 3 санат бойынша бақ сынайды.
Бөлісу: