Аймақтар
2 мин оқу 441

Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жұмыспен қамтудың жол картасы&raquo; аясында &nbsp; 15&nbsp;253 жаңа &nbsp;жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

«2020 жылы  елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда  148 обьекті бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында  мектептер, ауруханалар  тұрғын үйлері жөнделіп немесе құрылысы жүргізіліп жатқан,   инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі  орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, көгалдандыру бойынша бос  жұмыс орындары  ұсынылады»,- делінген Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7 489-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

Орталықта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыстарға  Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде  тіркелгендер және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздар  жіберіледі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы  - халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген.Ол  қосымша жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін анықтайды.
      
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша   мәлімет алу үшін  7(7172)57 89 37, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.    

Жол картасы бойынша  бос жұмыс орындары туралы мәліметтер enbek.kz порталында жарияланады.

Бөлісу:
Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар