Аймақтар
1 мин оқу 180
Шымкентте 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді.
Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
Бөлісу: