Қазақстан
1 мин оқу 1,063

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

<p style="text-align: justify;">Қазір құстар шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді

Мамандардың айтуынша, Ақтауға қоқиқаздар Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. 

Ауа райы оңтүстікте суытқан соң, яғни Хазар қорығына немесе одан да әрі Иран жаққа өтіп кетеді.

Қаракөл аумағы – "Қызыл кітапқа" енген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл жер табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Айта кетейік, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады.

Бөлісу:
Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар