Аймақтар
1 мин оқу 572

Атырауда жасырын казино анықталды

<p style="text-align: justify;">Экономикалық тергеу департаменті "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен жасырын жұмыс істеген казиноны анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда жасырын казино анықталды

Казино "Бомонд" кафесінің VIP залында орналасқан. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, казино қызметін ұйымдастырушылар карантиндік шектеу режимін бұзып, заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырып келген.

"Тексеру кезінде арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер табылып, тәркіленді. Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карталарына ақша аудару арқылы сатып алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы, 1-бөлімі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда жасырын казино анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар