Аймақтар
1 мин оқу 500
Жоғалған 17 жылқы иесіне табысталды
<p style="text-align: justify;">Қызылордалық полицейлер жоғалған 17 жылқыны иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.</p>
23 қыркүйекте Шиелі ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Жаназар батыр ауылының “Ащы құдық” деген жайылымында жүрген 17 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы шағымы түскен.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жылқыларды Тартоғай ауылы маңында жайылып жүрген жерінен тауып, иесіне табыстады. Мал иесі қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді.
Бөлісу: