Қазақстан
1 мин оқу 160

Қазақстанда тәулігіне 2 млн маска шығарылады

<p style="text-align: justify;">2021 жылға қарай медициналық маскалар өндірісінің көлемі тәулігіне екі есе, екі миллион данаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда тәулігіне 2 млн маска шығарылады

"Біріншіден, құны 180 млн АҚШ долларын құрайтын кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосып, 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланды. Екіншіден, фармацевтика саласының өндіріс көлемі 2,5 есеге артып, 92 млрд-тан 230 млрд теңгеге дейін жетеді. Оған қоса, 2021 жылдың бірінші тоқсанына қарай отандық кәсіпорындардың бір реттік маска бойынша өндірістік қуаты тәулігіне 2 есеге ұлғайып, 1 млн нан 2 млн данаға дейін, қорғаныс костюмдері бойынша 2 есеге артып, айына 500 мыңнан 1 млн данаға жетеді. Сондай-ақ жыл соңына қарай қолғап бойынша өндіріс көлемі тәулігіне 330 мыңнан 530 мыңға дейін ұлғайтылады", деді ол.

Сондай-ақ министр дәрілік заттар экспортының көлемі үш есе - 58-ден 174 миллион долларға дейін өсетінін айтты.

"Жоғарыда аталған барлық іс-шаралардың орындалуы Қазақстанның ішкі нарығындағы отандық өндірушілер өнімінің үлесін бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар бойынша ағымдағы 39-дан 50 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді, бұл ДДҰ ұсынымына сәйкес келеді", дейді министр.

Бөлісу:
Қазақстанда тәулігіне 2 млн маска шығарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар